Қарағанды облысында орман өрттерінің алдын алу мақсатында рейд ұйымдастырылды

Қарағанды облысында орман өрттерінің алдын алу мақсатында рейд ұйымдастырылды

Орман өрттерінің алдын алу және табиғатты қорғау мақсатында Қарағанды облысының ТЖД, орман шаруашылығы, полиция және еріктілер "Пикник" орманында рейд өткізді.

Рейд барысында қатысушылар азаматтарға орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Отпен абай болу, тиым салынған жерлерде от жағуға, сондай-ақ өртке әкелуі мүмкін қоқысты қалдыруға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қарағанды облысы ТЖД