Қарағанды облысының құтқарушылары гир спорты бойынша Әлем кубогының жеңімпаздары атанды

Қарағанды облысының құтқарушылары гир спорты бойынша Әлем кубогының жеңімпаздары атанды

2025 жылдың 26-30 сәуір аралығында Өзбекстан Республикасының Ханабад қаласында гир спорты бойынша Әлем кубогы өтуде. Бұл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен мықты спортшылар жиналды.  

Осы додада еліміздің намысын қорғағандардың қатарында Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері де болды. 95 және 85 кг салмақ дәрежелерінде Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының аға инженері Александр Комаров пен №28 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі Роман Герасименко жоғары нәтиже көрсетіп, гир спорты бойынша Әлем кубогының чемпиондары атанды.

Бұл жетістік тек спортшылардың жеке жеңісі ғана емес, бүкіл еліміз бен азаматтық қорғау қызметінің мақтанышы болып табылады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі