Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты. Іс-шара аясында өрт сөндіру бөлімдерінің аумағында шырша көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар құтқарушылар балалар үйінің ауласында да ағаш отырғызды.
Құтқарушылар табиғатты қорғау ісіне үлес қосу арқылы тек төтенше жағдайларда ғана емес, сонымен бірге туған жердің гүлденуіне де атсалысып жүргендерін көрсетті.
Қарағанды облысы ТЖД