«Қауіпсіз балалық шақ»

«Қауіпсіз балалық шақ»

Осындай атаумен Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері ауқымды акция ұйымдастырды, оның мақсаты балаларда қоршаған ортадағы қауіптер туралы түсініктерді қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болды.

Кинологиялық қызмет мамандары, апаттар медицинасы орталығының өкілдері, құтқарушылар мен еріктілер, сондай-ақ аниматорлар көрнекі құралдар мен арнайы техниканы пайдалана отырып, ойын түрінде балалардың терезеден құлауы, өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік тақырыптарын қамтыды.

Балалар құтқарушылармен бірге жаттығу жасап, кинологтардың иттермен қалай жұмыс істейтінін бақылады. Ата-аналарға да қауіпсіздік ережелері бойынша пайдалы кеңестер берілді.

Қарағанды облысы ТЖД