Жас өрт сөндірушілерге психологиялық тұрақтылықты арттыруға арналған тренинг өтті

Жас өрт сөндірушілерге психологиялық тұрақтылықты арттыруға арналған тренинг өтті

Іс-шара барысында аддиктивті және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, күйзелісті тиімді жеңу жолдары, ұжымдағы бірлікті нығайту және психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар түрлі практикалық жаттығулар орындап, өмірлік жағдайларға байланысты пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Тренингке арнайы шақырылған ардагер өрт сөндіруші Роберт Галимжанов жас мамандармен кәсіби жолындағы қызықты оқиғаларымен және пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Сонымен қатар, семинар аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі туралы ақпарат берілді. Іс-шара жас өрт сөндірушілердің психологиялық тұрақтылығын арттырып, кәсіби әлеуетін нығайтуға бағытталды.

Қарағанды облысы ТЖД