
Қарағанды облысы ТЖД Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны қабылдау және тіркеу, сондай-ақ СДТБТ жүргізу ережелері мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Анықтау басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға Қарағанды облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілдері шақырылды.
Семинар барысында ақпараттық жүйеде жұмыс істеу кезінде келіп түскен арыздарды, өтініштерді, баянаттарды дұрыс тіркеу тәртібі, сондай-ақ СДТБТ жүйесінде жиі кездесетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдары талқыланды.
Іс-шара қатысушылары практикалық мысалдармен тәжірибе алмасып, құқықтық талаптарды сақтау маңыздылығына ерекше назар аударды.
Қарағанды облысы ТЖД