
Демалыс күндері Қарағанды облысының саяжайлар аумағында Департамент қызметкерлерімен профилактикалық шаралар жүргізілді.
Негізгі мақсат – тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін, әсіресе көктем-жаз кезеңіне қатысты ережелерді еске түсіру. Осыған байланысты өрттің алдын алу мақсатында арнайы шаралар қолға алынып жатыр.
Аралау барысында тұрғындармен түсіндірме жұмыстары өткізіліп, жадынамалар таратылып, сұрақтарға жауап берілді. Түсіндірме жұмыстары барысында құрғақ шөп пен қоқысты жағуға тыйым салу, үй, саяжай маңын қоқыстан тазарту, өрт сөндіру құралдарын дайын ұстау қажеттігі ескертілді.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін бірнеше әкімшілік хаттамалар толтырылып кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Құрметті азаматтар! Есіңізде болсын, үйдің жанындағы бір сөндірілмеген от немесе жиналмаған қоқыс апатқа әкелуі мүмкін. Өзіңізге, жақындарыңызға және меншігіңізге қамқорлық жасаңыз-өрт қауіпсіздігінің қарапайым, маңызды ережелерін сақтаңыз.
Өрттің алдын алу – әр азаматтың ортақ міндеті. Тәртіп пен сақтық – саяжайларды тілсіз жаудан сақтаудың басты жолы.
Қарағанды облысы ТЖД