Қарағанды облысында жылы күндердің келуімен балалардың терезелер мен балкондардан құлауына жол бермеу жұмыстары белсенді түрде басталды.
Теміртау қаласында блокаторлар, қорғаныс құрылғыларын орнату бойынша "Қауіпсіз терезелер" акциясы өткізілді. Балалармен викториналар, әңгімелер өткізілді, құтқарушылар балаларға әртүрлі төтенше жағдайлар кезіндегі ережелер мен мінез-құлықтарды ойын түрінде түсіндірді. Ата-аналарға жадынамалар мен буклеттер таратылды.
Бұл акциялар халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында әр қалада өткізілетін болады.
Қарағанды облысы ТЖД