Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің жатақханасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Іс-шараға облыстық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері, жедел медициналық көмек қызметі, университет әкімшілігі мен жатақхана қызметкерлері қатысты. Жаттығу барысында жатақхана ғимаратында шартты өрт туындап, студенттер мен қызметкерлерді эвакуациялау, өртті ауыздықтау, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету кезеңдері пысықталды.
Жаттығудың басты мақсаты – төтенше жағдай туындаған жағдайда барлық қатысушылардың өзара үйлесімді әрекет ету қабілетін арттыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау мен жедел шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру болды.
Оқу жаттығуға Қарағанды облысы ТЖД 16 бірлік техникасы мен 74 адамы жұмылдырылды.
Қарағанды облысы ТЖД