«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Бүгін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосты. Аумақтар мен кеңсе бөлмелерін тазарту барысында әрбір қызметкер белсене атсалысып, айналаға таза әрі ұқыпты қарау маңызды екенін көрсетті.


Шара барысында ауа райы да қызметкерлерге қуаныш сыйлады. Аумақта самаурыннан шай қойылып, ыстық бауырсақ пісіріліп, қызметкерлер мен олардың отбасылары бірігіп, сенбілік күнін жайлы өткізді.


«Таза Қазақстан» акциясы табиғатты қорғаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіріп қана қоймай, азаматтардың бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Әрбір қатысушы осы іс-шара арқылы қоршаған ортаға деген жауапкершілігін сезініп, еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосып отыр.

Қарағанды облысы ТЖД