Қарағанды облысы ТЖД Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі басқармасының аумағындағы жер телімінде өртті ерте анықтау жүйесіне тексеру жүргізілді.
Оқу-жаттығу аясында интеллектуалды камералардың көмегімен ормандардағы түтінді анықтау және ескерту жүйесінің жұмысы тексерілді. Нақты уақыт режимінде бақылау жүргізіліп, өрттің координаттарын анықтау шаралары қабылданды. Жаттығу нәтижесінде камералар қалыпты жұмыс істеді.
Сондай-ақ, облыс аумағындағы қамыс пен құрғақ өсімдіктерді шабумен қатар, орман екпелері бойында минералданған жолақтарды жасау жұмыстары жүргізілді.
Қарағанды облысы ТЖД