
Қарағанды облысында 2025 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық жұмыстары аясында жергілікті атқарушы органдарының өрт сөндіру бекеттері мен ерікті сөндіру құрылымдары тексерілуде.
Орман шаруашылығының күштері мен құралдары, сондай-ақ өрт сөндіру поезының жұмыс жағдайы мен дайындық деңгейі де мұқият тексерілді. Тексеру жұмыстары барысында өртке қарсы техникалардың жағдайы, мамандардың біліктілігі, жабдықтардың толықтығы мен жұмысқа жарамдылығы бағалануда. Қауіпті кезеңде өрт сөндіруге қажетті құрал-жабдықтардың, арнайы техниканың және өрт сөндірушілердің жетіспеушілігін алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдануда.
Қарағанды облысы ТЖД