Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрығымен Бұқар-Жырау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына азаматтық қорғау майоры Владимир Малышкин тағайындалды.
Бұған дейін Владимир Вячеславович аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. В. Малышкин 1990 жылы Ботақара кентінде дүниеге келген.
2012 жылы «Жылу энергетикасы» мамандығы Қарағанды техникалық университетін, 2023 жылы ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2013 жылы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері болып бастаған. 2014 жылы Бұқар-Жырау ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері болды. 2019 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
Қарағанды облысы ТЖД