Қарағанды облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылды

Қарағанды облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылды

2025 жылғы 28 наурызда сағат 03:42-де ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі арқылы Жамбыл облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің қарқындылығы 5 баллға дейін жетті.

Жедел әрекет ету мақсатында Қарағанды облысы ТЖД базасында штаб құрылды. Штабтың жұмысына Қарағанды облысының азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қажетті аумақтық қызметтері қатысты.

Жамбыл облысы аумағында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда ТЖД бөлімшелерінің күштері мен құралдары дайындыққа келтіріледі.

Қарағанды облысы ТЖД