Мемлекеттік органдардың, азаматтарды қабылдау орталықтарының және фронт-офистердің қызметкерлеріне төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмі түсіндірілді

Мемлекеттік органдардың, азаматтарды қабылдау орталықтарының және фронт-офистердің қызметкерлеріне төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмі түсіндірілді

2025 жылғы 19-27 наурыз аралығында ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасы, ҚР ТЖМ Қарағанды облысындағы Апаттар медицинасы орталығының филиалы, Қарағанды облысының Полиция департаментінің Арнайы және мобилизациялық дайындық басқармасы қызметкерлерімен Арнайы күзет қызметі басқармасымен бірлесіп келесі жұмыстарды атқарды:

Қарағанды облысы әкімдігі ғимаратын қорғауды қамтамасыз ететін арнайы күзет қызметі, облыс әкімдігінің өтініштер бөлімі қызметкерлері, сондай-ақ Қарағанды қаласы әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығы мен Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандары әкімдігінің қызметкерлеріне төмендегі мәселелер бойынша оқу сабақтары өткізілді:

  • өрт немесе жану белгілері анықталған кездегі іс-әрекеттер, өрт сөндіргішті қолдану;
  • химиялық және/немесе улы затты төгу, бүрку кезіндегі іс-әрекеттер;
  • күдікті зат анықтаған кездегі іс-әрекеттер;
  • өзін-өзі өртеу қаупі төнген және жасалған кездегі іс-әрекеттер;
  • шабуыл кезінде, оның ішінде қарулы шабуыл кезіндегі іс-әрекеттер;
  • келушінің күдікті мінез-құлқы кезіндегі іс-әрекеттер;
  • санадан айрылу, күйік, құрысулар, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу және басқа да төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету.

 

Қарағанды облысы ТЖД