Наурыз мейрамын Қарағанды облысы ТЖД ерекше шаралармен атап өтті

Наурыз мейрамын Қарағанды облысы ТЖД ерекше шаралармен атап өтті

Наурыз мейрамы аясында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ерекше іс-шаралар ұйымдастырылды.

Төтеншеліктер садақ атып, аударыспақ ұлттық спорты бойынша  жарыстарға қатысып, бір-бірімен күш сынасты. Бұл іс-шаралар әр қызметкердің денсаулығын нығайтуға, өзара сыйластықты арттыруға, сондай-ақ ұжымдық ынтымақтастықты күшейтуге үлкен септігін тигізді.

Мейрам соңында барлық қызметкерлерге ауызашар беріліп, баршаға сый-құрмет көрсетілді.

Құрметті әріптестер! Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жылда әр отбасыңызға бақыт, амандық, денсаулық және табыс тілейміз. Наурыздың қуанышы мен ырысы әрдайым сіздердің жолдарыңызды жарқырата берсін!

Қарағанды облысы ТЖД