Қарағанды қаласының ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде өрттің алдын алу

Қарағанды қаласының ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде өрттің алдын алу

Өрттің алдын алу мақсатында Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері Қарағанды қаласы ТЖД және медицина және апаттар орталығымен бірлесіп "Абзал" СОО өрт қауіпсіздігі бұрышын ұйымдастырды.

Келушілердің назарына өрт орындарындағы фотосуреттер, құтқарушылардың жұмыстары, сондай-ақ қираған үйлер мен бүлінген мүліктерді қоса алғанда, қайғылы оқиғалардың салдары ұсынылды. Сондай-ақ, көрмеде өрттің ошағы болып табылған электр аспаптарын, үтікті, жылытқыштарды, шәйнектерді және тіпті ұялы телефонды тамашалауға болды. Бұл іс-шараның маңызды элементі оқиға орнынан зақымдалған газ баллонын көрсету болды.

Сонымен қатар, тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелері және өрт туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы білімдерін бағалау мақсатында келушілер арасында түрлі сұрақтармен әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Әлеуметтік сауалнама өрт қауіпсіздігі туралы негізгі білімді тексеретін бірқатар сұрақтарды қамтыды. Ең қарапайым сұрақтардың бірі өрт кезінде қоңырау шалу қажет нөмірлерге қатысты болды. Дегенмен, нәтижелер қала тұрғындарының барлығы бірдей өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалу үшін 101 немесе 112 нөмірін теру қажет екенін білмейтінін көрсетті.

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары Қарағанды облысы ТЖД барлығын қоғамда "Қауіпсіздік мәдениетін" қалыптастыруға шақырады.

Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай!                                                                                                          

 

Қарағанды облысы ТЖД