Балқаш көлі Орлинка түбегі ауданында Қарағанды және Алматы облысының құтқарушылары 1980 және 1999 жылы туған екі балықшыны іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ер адамдар 21 қарашада түнде қайықпен балық аулау кезінде бағдарын жоғалтып, адасып кеткен.
21 қарашада Қарағанды облысының құтқарушылары жоғалған балықшыларды тауып, сонымен қатар екі жануарды да құтқарды. Медициналық көмек керек болмады.
ТЖД азаматтарды табиғатқа шығу кезінде, әсіресе қолайсыз ауа райы жағдайларында сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі