«Қауіпсіз терезе» акциясы – өткізілді

«Қауіпсіз терезе» акциясы – өткізілді

Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері көп қабатты тұрғын үйлерде тұрғындармен балалардың жарақатын болдырмау бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ балалардың құлауын болдырмау мақсатында ТЖД қызметкерлері бірнеше отбасы пәтерлерінің терезелеріне қорғаныш құлыптарын орнатты.

Қарағанды облысы ТЖД ересектерден келесі ұсыныстарды ескеруді сұрайды:

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

Балалар бар пәтерлердің терезелеріне арнайы қорғаныс құралдарын орнатыңыздар!

Терезелердің тұтқасын бала өз бетімен аша алмайтындай бекітіңіздер!

Ешқашан да антимоскитті торларды қолданбаңыз – балалар оған сүйенеді де, сыртқа онымен бірге құлайды.

Бала терезеге өздігінен шыға алмайтындай жиһаздың барлық түрлерін терезе жанынан алыстатып қойыңыздар!

Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі