Қарағандылық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысынан үйлеріне оралды

Қарағандылық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысынан үйлеріне оралды

Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстарды атқарды. Берілген тапсырмаларды орындағаны үшін құтқарушылар Қызылжар ауданы әкімі орынбасарының алғыс хаттарымен марапатталды.

Келген жеке құрамды Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен қызметкерлердің отбасылары қарсы алды.

Басқарма басшылығы жеке құрамға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жүктелген міндеттерді орындағаны үшін алғысын білдірді.

Біз қызметкерлеріміздің батылдығы үшін және қызметкерлеріміздің отбасыларына шыдамдылығы  үшін алғыс айтамыз. Біз барлығымыз Қазақстан Республикасының игілігі үшін бір іс жасап жатырмыз!

Біз біріксек  апаттардан да күштіміз!

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі