Қарағанды облысының ТЖД-да жеке құрамның саптық тексеріс өтті

Қарағанды облысының ТЖД-да жеке құрамның саптық тексеріс өтті

Жазғы киім үлгісіне көшумен ТЖД бөлімшелерінің жеке құрамы арасында саптық тексеріс өткізілді.

Саптық тексеріс барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, жазғы күнделікті киім нысаны, қызметтік куәліктері мен жеке нөмірлері тексерілді.

Жазғы киім мен айырым белгілерін кию ережелері, сондай-ақ нысанды кию ережелерін реттейтін құжаттар түсіндірілді.