Қарағандылық құтқарушы Президенттің қолынан сыйлық алды

Қарағандылық құтқарушы Президенттің қолынан сыйлық алды

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 23 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Сағаш Серік Солтүстік Қазақстан облысы аумағында су тасқынына қарсы күрделі жағдайдағы жанқиярлық жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің атынан естелік сыйлықпен марапатталды.
Серік Сағаш 2024 жылдың 10 сәуірінде Қарағанды облысы тобының құрамында Солтүстік Қазақстан облысына су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізуге жіберілді.
Тұрақты емес кесте жағдайында тәулігіне 17-20 сағат топ құрамында халықты эвакуациялауды, бөгетті нығайту мақсатында инертті материалдары бар қапшықтарды төсеуді, патрульдеуді (су деңгейін бақылауды) жүзеге асырды.Серік 2018 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етеді.
Қызмет барысында ол өзін оң жағынан көрсете білді. Ол өз міндеттерін орындауға әрдайым жауапкершілікпен қарайды.