Өрт қаупі кезіндегі қауіпсіздік

Өрт қаупі кезіндегі қауіпсіздік

Көктем мен жаздың басталуымен өрт қаупі күшейеді.

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінен бастап Қарағанды ​​облысының аумағында өрт қауіпті кезең жарияланды. Өткен жылдың өрт қауіпті кезеңінде облыста жалпы көлемі 8562 гектар аумақта 176 өрт және жану  жағдайлары тіркелді.

Табиғи өрттер мен жану жағдайларының себебі көп жағдайда тұрғындардың отқа абайсыз қарауы болып табылады, атап айтқанда: өтіп көліктерден сыртқа тасталған толық сөндірілмеген сіріңкелер мен  темекі қалдықтары, пикниктерден кейін сөндірілмеген өрттер, құрғақ өсімдіктердің бақылауға келмейтін немесе ескерусіз қалған  жану жағдайлары.

Әрбір адам демалыс және мереке күндері табиғат аясында демалуды асыға  күтеді. От жағу және қалдықтар мен контейнерлерді жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта жүргізілуі керек. Ал желді ауа-райында от жағуға мүлдем  жол берілмейді. Табиғатта болған кезде сіз өте мұқият болуыңыз керек: сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді тастамаңыз, сөндірілмеген оттарды, сондай-ақ сынған әйнекті қалдырмаңыз.

Сонымен қатар, саяжай маусымы басталып, өрт болу қаупі  көбею ықтималдығы бар.. Бұл азаматтардың үй маңындағы аумақты құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстардан тазарту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауына байланысты.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қаупі кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді!

Өрттің алдын алу үшін  негізгі өрт қауіпсіздігі ережелерін білуіңіз және сақтауыңыз керек, атап айтқанда:

- от жағу және қалдықтарды жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта жүргізілуі керек, ал желді ауа-райында от жағуға  мүлдем жол берілмейді!

- елді мекендер мен ұйымдардың аумағында тез тұтанатын және жанғыш заттардың  қоқыс үйінділерін орналастыруға тыйым салынады, олар дер кезінде шығарылуы тиіс.

- қалдықтар мен ыдыстарды жағу осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарда жүргізілуі тиіс.

Рұқсат етілмеген жерлерде , ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз қалуы, сабанды жағу және орман мен дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назар аударамыз!

Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 телефондары арқылы хабарлаңыз.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі