
Жылыту маусымы өтуіне байланысты барлық тұрғындар келесі өрт қауіпсіздігі
ережелерін қатаң сақтаулары қажет!
Сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыздар!
Электр құрылғылары мен желілерінің жарамдылығын қадағалаңыздар!
Электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіздер!
Тек жұмыс істейтін пештерді, газ және электр аспаптарын пайдаланыңыздар!
Кем дегенде үш айда бір рет мұржаларды күйеден тазартып отырыңыздар!
Пешті қатты қыздырмаңыздар, жарылған жерлерін бітеңіздер!
Пеште немесе оған жақын жерде тұрмыстық заттарды кептірмеңіздер, оған жақын жиһаз орнатпаңыздар!
Балалардың отпен ойнауына және оларға пеш жағуға рұқсат бермеңіздер!
Қартт адамдарға, мүгедектерге, психикалық ауытқулары бар, алкоголизм мен нашақорлықпен ауыратын
адамдарға ерекше назар аударыңыздар!
Ықтимал өртке әкелуі мүмкін жағдайларда Төтенше жағдайлар қызметінің кезекші қызметіне
112 немесе 433636, 433737 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі