Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында 10 табиғи өрт және құрғақ шөптің жануы жойылды

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында 10 табиғи өрт және құрғақ шөптің жануы жойылды

Оның ішінде ТЖД, ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері 8 дала өртін жойды.
Ақтоғай ауданы, Айыртас ауылдық округінде Нұра ауылынан оңтүстікке қарай 25 шақырым жерде 30 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді.
Қарқаралы ауданы, Қырғыз ауылдық округінде Бүркітті стансасынан батысқа қарай 7 шақырым жерде 40 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді.
Қарқаралы ауданы, Қ.Аманжолов ауылдық округінде Сарыобалы ауылынан батысқа қарай 7 шақырым жерде 4 гектар аумақта құрғақ шөп өртке оранды.
Бұқар-Жырау ауданына қарасты Керневский ауылдық округінде Ақжар ауылынан шығысқа қарай 15 шақырым жерде 15 гектар аумақта құрғақ шөп пен қамыс өртенді.
Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округінде Шідерті ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде 7 гектар аумақта құрғақ шөп пен қамыс өртенді.
Осакаров ауданына қарасты Родниковский ауылдық округінде Родниковское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 16 шақырым жерде 5 гектар аумақта құрғақ шөп өртке оранды.
Осакаров ауданында, Родниковский ауылдық округінде Родниковское ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде 10 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді.
Шет ауданына қарасты Ақшоқы ауылдық округінде Қызылтау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде 25 гектар аумақта құрғақ шөп өртке оранды.
Барлық өрттер жойылды.
Нұра ауданы Талдысай ауылдық округінде Талдысай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерде 3 ошақта жалпы алаңы 1500 га аумақта құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге ТЖД, Талдысай ауылының өрт сөндіру бекеті, «Казмарганец» кен басқармасы, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің республикалық орталық штабы және ауылдық округтің ерікті өрт сөндіру бөлімшелері жұмылдырылды.
Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық округінде «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің Бахты орман шаруашылығы аумағында 0,35 га аумақта орман қоқысы өртенді. Өртті сөндіруге «ҚМҰТП» РММ және «Қазавиалесохрана» РМҚК күштері жұмылдырылды.
Шет ауданы Талды ауылдық округіндегі өртті сөндіру жалғасуда. Жаңажұрт ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 шақырым жерде таулы-дала аймағында құрғақ шөп өртеніп, кейіннен өрттің Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің аумағына өтуі орын алған. Өрттің жалпы алаңы 130 гектар шамасында, оның 100-110 гектары жойылды. 20-30 гектар аумақтағы өртті сөндіру жалғасуда. Өртті жоюға Қарағанды облысының ТЖД, «Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ-нің, ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.
Өртті сөндіру орталықтардың бөлшектенуі, су көздерінің алыстығы, сыртқы ауаның жоғары температурасы және таулы аймақтардағы жерлерге баратын жолдардың жоқтығымен қиындайды.
Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады. Өрт қауіпті кезеңде құрғақ шөптер мен қоқыстарды ашық жерде, ағаш ғимараттардың жанында жағуға, қалың тоғайларда, ағаштардың түбінде от жағуға, далада құрғақ шөптерді жағуға тыйым салынады. Сөндірілмеген сіріңке мен темекіні тастамаңыз. Отпен абай болыңыз!

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі