Құтқарушы сүңгуірлер суға түсу аймақтарын тексеруде

Құтқарушы сүңгуірлер суға түсу аймақтарын тексеруде

Қарағанды облысында алдағы суға шомылу маусымына дайындық жүріп жатыр.
ТЖД құтқарушылары жағажайларды зерттеп, түбін тазартуда. Түбін тазарту көзбен және түбін сезіну тәсілімен жүргізіледі. Суға батқан заттарды, темірбетон қалдықтарын, ағаш конструкцияларды, батып кеткен бөтелкелерді, балық аулау құралдарын, тастарды және басқа да қоқыстарды іздеу және судан көтеру жұмыстары жүргізілуде.
«Азаматтардың қауіпсіз демалуын және шомылуын қамтамасыз ету үшін ТЖД құтқарушылары келіп түскен өтінімдерге сәйкес, халықтың шомылуы мен демалуы үшін бөлінген жағажайлар акваториялары учаскелерінің түбін тексеру мен тазалауды бастады. Тексеру шомылу үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне және олардың пайдалануға жарамдылығына жүргізіледі», - деді ТЖД Жедел-құтқару жасағы сүңгуір бөлімінің бастығы Владимир Гаврильков.
Суға шомылуға бөлінген су айдыны учаскесінің түбін тексеру және тазарту қорытындысы бойынша сүңгуірлік тексеру актісі беріледі.
Бұдан басқа, ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коммуналдық жағажайларда су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ақпараты бар стендтер, сондай-ақ шомылуға арналмаған орындарда тыйым салу белгілері орнатылуды.
Қарағанды облысының аумағында барлығы 76 рұқсат етілген және 240 шомылуға тыйым салынған орын бар.
Суға түсу маусымында облыстың су қоймаларында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖД жедел-құтқару бөлімшелері дайындықта.

 

 

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі