Қарағандылық құтқарушылар Түркияға аттанды

Қарағандылық құтқарушылар Түркияға аттанды

Бүгін түнде Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылар тобы Астана қаласына барып, басқа өңірлерден келген әріптестерімен бірге жер сілкіністерінің салдарын жоюға көмектесу үшін Түркия аумағына жол тартты.
Қарағанды командасының құрамында 15 адам-ТЖД құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының дәрігері мен фельдшері.
Команда 14 тәулікке автономды жұмысты ескере отырып, авариялық-құтқару құралымен, медициналық мүлікпен, байланыс және тіршілікті қамтамасыз ету құралдарымен жасақталған.
Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов құтқарушыларды жолға шығарып, өзінің қызметтік борышын абыроймен атқаруға шақырды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі