Үйлесімді және жедел жұмыс үшін алғыс

Үйлесімді және жедел жұмыс үшін алғыс

Өртке қарсы қызмет қызметкерлері күн сайын өрттерге, төтенше жағдайларға тап болады және басқаларды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігуге мәжбүр болады. Олардың еңбектері мен жеделдігі, кәсібилігі және адами қолдауы үшін алғыс хаттар келіп жатады.
Бұл жолы Қарағанды облысы ТЖД бастығының атына кезекті алғыс хат келіп түсті. Аслан Құрманғалиев өз хатында Қарағанды қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілеріне үлкен алғысын білдіреді.
"Өз атымнан Қарағанды қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің қызметкерлеріне өз ісіндегі көрсеткен батылдығы мен кәсібилігі үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. 2023 жылдың 05 ақпанында, сағат 17:30-17:40 шамасында жеке көлігімнің салонында түтін пайда болды және бірден өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалдым. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері санаулы 3-5 минут ішінде келді, келгеннен кейін менің денсаулығымның жай-күйі туралы бірінші болып біліп, содан кейін көлікті ашуға кірісті. Менің болжауымша, машинада әйнекті сындыру керек еді, бірақ олар түсіністікпен қарап есіктерді ешбір зақымсыз ақырын ашып, аккумуляторды өшіріп, түтін ошағын іздеуге кірісті. Түтіннің шығу себебі жүк бөліміндегі қысқа тұйықталу болған, оны өрт сөндіру бөлімі анықтап және сол сәтте автомобильдің өртенуіне жол бермеу үшін барлық қажетті әрекеттерді жасады.
Қарағанды қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерін атап өткім келеді, оның ішінде қарауыл бастығы Құнаділов Дәурен, бөлімше командирі Жармақашев Асылан және өрт сөндіруші-құтқарушы Тілеуқабақ Мадияр, сондай-ақ өрт сөндіру қызметінің барлық басқа қызметкерлеріне өз жұмысына кәсіби көзқарасы үшін алғысым шексіз". - делінген алғыс хатта.

 


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі