Қарағанды облысы әртүрлі табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға бейім, олардың бірі қатты жел. Желдің қатты екпініне байланысты ғимараттар мен электр желілерінің шатырлары бұзылып, ағаштардың құлауы айтарлықтай материалдық шығындарға және халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге кедергі келтіреді.
Негізінен шатыры ұзақ уақыт бойы жөнделмеген немесе сапасыз шатыр материалдарын қолданумен және дұрыс емес құрылысқа байланысты ғимараттарда орын алады.
Жыл басынан бері Қарағанды облысында қатты желдің екпіні кезінде 43 нысанда шатырлардың бұзылу жағдайлары орын алды, олардың көпшілігі жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ ескі құрылыс және ұзақ мерзімде қызмет етудегі ғимараттар.
Қарағанды облысының ТЖ департаменті шатыр бөліктерін ауыстыру немесе нығайту бойынша алдын ала шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Желдің әсерінен шатыр құрылымының бөліктері мен қосылыстары әлсірейді, бұл ерте ме, кеш пе оның бұзылуына әкеліп соғады.
Қауіпті метеорологиялық құбылыстар кезінде сақтық шараларын сақтауды, сондай-ақ 112 қызметінің дауыл туралы келіп түскен СМС хабарламаларды ескеруді, өте мұқият болуды, әлсіз бекітілген және тозған құрылымдарға, қараусыз қалған ғимараттарға, ағаштарға, электр беру желілеріне жақындамауды сұраймыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл қызметтерге "101" және "112"нөмірлері бойынша хабарлаңыз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі