
Бүгін 12-08 Теміртау қаласы Металургов даңғылындағы 5/2 мекенжайындағы, 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатындағы пәтерінде газ-ауа қоспасының тұтану нәтижесінде бөлме аралық қалқаларды және жабу арасында 3-ші және 2-ші қабаттарының құлауы орын алды. Үш пәтер бүлінген. Кіреберістің барлық тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 53 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 7-і бала. 1989 жылы туған пәтер иесі зардап шекті және Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды. Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің 22 қызметкері мен 7 техникасы жұмыс істеуде.
Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин, Теміртау қаласының әкімі және барлық шұғыл қызметтері бар. Жедел штаб құрылды.