Өрт сөндірушілер Қарағандыда тоғыз қабатты үйден 25 адамды құтқарды

Өрт сөндірушілер Қарағандыда тоғыз қабатты үйден 25 адамды құтқарды

12 тамыз күні сағат 00:07-де Қарағанды қаласы  Н.Әбдіров даңғылындағы 9 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Бірнеше минуттан кейін шұғыл түрде Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 21 адам мен 4 техниканы жөнелтті. 4-қабатта 5 шаршы метр аумақта балконда қоқыс өртенді. Тәуліктің түнгі уақыты болуына байланысты тұрғындардың көпшілігі ұйықтап жатқандықтан, өрт сөндірушілер оларды оятып, далаға шығуын өтінді. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері көпқабатты үйдің кіреберісінен 25 адамды, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт уақытылы сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

  ТЖ департаменті төтенше жағдайларды, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Ешбір жағдайда:

- сөндірілмеген темекілер мен сіріңкелерді қалдырмаңыз;

- электр сымдары мен аспаптарының жарамдылығын бақылаңыз;

- бір желіге бірнеше электр құралдарын қосуға жол бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі;

- үйде жасалған электр жылыту құрылғыларын пайдаланбаңыз;

- тек жұмыс істейтін пештерді, газ және электр құрылғыларын

қолданыңыз;

- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз!

Оқиғалар мен төтенше жағдайлардың барлық фактілері туралы 112 немесе 8 (7212) 433636, 433737 телефондарына хабарласыңыз.

 

 

 

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі