Теміртау қаласының ТЖБ жаңа тағайындау

Теміртау қаласының ТЖБ жаңа тағайындау

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов пен Теміртау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамына басқарма бастығы болып тағайындалған азаматтық қорғау полковнигі Интуев Нұрмұхамед Серікұлымен таныстырды.
Нұрмұхамед Интуев 1979 жылы Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, Қазақстан Республикасы ТЖА Көкшетау техникалық институтын және Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Қарағанды облысының Абай қаласындағы N30 өрт сөндіру бекетінің мемлекеттік өрт қадағалау тобының инспекторы болып бастады.
Қызмет еткен жылдары Қарағанды және Ақмола облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері бөлімшелерінің басшылық қызметтерінде болды.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайлары басқармасын басқарды.