Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті

4 тамызда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басиннің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында облыстың сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйі және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі мәселелері талқыланды.
Вадим Басин өрт сөндіруде сумен жабдықтау басты рөл атқаратынын және бастапқыда шұғыл қосылуға есептелуі тиіс екенін атап өтті. Ол үшін жеткілікті мөлшерде судың тұрақты болуы және уақытқа қарамастан оңай қол жетімді болуы қажет.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов сөз сөйледі.
Қарағанды облысында коммуналдық ұйымдар мен шаруашылық объектілерінің теңгерімінде 10718 өрт гидранттары және 536 өрт су қоймалары бар. Жыл сайын ТЖД оларды тексереді.
Статистика көрсеткендей, соңғы 5 жылда гидранттар мен су қоймалары санының өсуі байқалады, алайда ақаулы су көздерінің саны да артып келеді.
Су көздерінің жеткіліксіз саны және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жарамсыздығы тұрғын үй секторында және шаруашылық жүргізу, білім беру, денсаулық сақтау объектілерінде және адамдар жаппай болатын басқа да объектілерде өрттерді жоюға өрт сөндіргіш заттардың уақтылы берілмеуіне әкеледі.
"Іс-шаралар кешенін өткізу, сондай-ақ өртке қарсы сыртқы сумен жабдықтау көздерінің жай-күйін жақсарту жөніндегі негізгі міндеттерді іске асыру және барлық мүдделі органдар мен объектілермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру қажет деп санаймын. ТЖ жөніндегі комиссия отырыстарында өртке қарсы сумен жабдықтау мәселелерін барлық деңгейде қарастыру" - деп атап өтті М. К. Катпанов.
Қаралатын мәселелер бойынша қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық басқармалар мен ұйымдардың басшылары тыңдалды.
"Су шаруашылығы объектілерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, меншік нысанына қарамастан, табиғи ресурстар басқармасы тексерулер жүргізу және оларды қауіпсіз жағдайда ұстау бойынша шаралар қабылдауы, сондай - ақ коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып, олардың нақты есепке алынуы мен тексерілуін қамтамасыз етуі қажет" - деп атап өтті өңір басшысының орынбасары. Сондай-ақ, ол су тасқыны кезеңі басталғанға дейін су шаруашылығы құрылыстарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қаражат қарастыруды тапсырды.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі