Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет

Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет

3 тамызда ТЖ департаментінің жеке құрамымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет. Коррупция – болезнь, борьба с ней – наш долг» психологиялық түрлендіру ойыны өткізілді.

Осы ойын аясында 2 топтың жұмысын бағалаған 3 қызметкерден тұратын төрешілер алқасы құрылды. Топтардың ұрандары бір-біріне қарама-қарсы: Пара – дағдарыстағы құтқару шеңбері» және «Пара - құндылықтарға опасыздық жасау».  Әр топ өз ұстанымын және ұранын белсенді қорғады.

Ойын  ұжымның бірлігін және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.

Ойын қорытындысы бойынша қызметкерлер ар-ождан мен отбасының құндылығы, дұрыс тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу үлгілі қызметкер және лайықты адам болуға көмектеседі деген қорытындыға келді.

 

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі