10 наурызда Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пен ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов Бұқар Жырау және Абай аудандарының су тасқыны қаупі бар учаскелерін аралады.
Бұқар Жырау ауданында Ғ. Мұстафин атындағы кентінің қорғаныс білігіне тексеру жүргізілді.
Аудан әкімі Сержан Аймақов және табиғи ресурстар басқармасы басшысының міндетін атқарушы өңірде су тасқынына қарсы өткізілген іс-шаралар туралы баяндады.
Әуеден Бұқар Жырау ауданының Көкпекті, Байқадам, Сартөбе, Петровка, Ботақара, Салончики,.Г. Мұстафина, Чкалова, Садовое, Тегізжол, Ростовка, Берязники, Қызыл-Жар, Молодецкое,Ақтөбе, Сарепта елді мекендері қаралды
Сондай-ақ, Ботақара, Ынтымақ, Жартас және Шерубай-Нұра су қоймалары мен Сасықкөл көлі қаралды.
Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов алдағы су тасқыны кезеңіне ауданның дайындығы туралы баяндады.
Сондай-ақ Шерубай-Нұра өзенінің санациясына тексеру жүргізілді. Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясының басшысы Муслин Аққожин су қоймасының жағдайы туралы баяндады.
Қарағанды облысының аумағында белсенді еру процестері байқалмайды, өзен арналарында тұрақты мұз қату байқалады.
Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында барлық жерде жұмыс жүргізілуде. Елді мекендерде қарды тазалау және шығару бойынша іс-шаралар белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда 760 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Барлық маңызы бар автожолдарда су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде, шамамен 2700 су өткізу құбыры тазартылды.
Жалпы облыс аумағында ұзындығы 12,1 км 18 канал, ұзындығы 10,8 км 13 арық тазартылды, сондай-ақ 9,8 км созылымды су бұрғыш траншеяларды кесу жүргізілді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі