Дала өрті кезінде қаза тапқан ауыл тұрғыны «Өртте көрсетілген қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды

Дала өрті кезінде қаза тапқан ауыл тұрғыны «Өртте көрсетілген қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды

 

Қарқаралы ауданы Көлбасы ауылының тұрғыны Самат Апашев ауыл маңында болған дала өртін сөндіру кезінде қаза тапқан болатын. Өрт 17 қыркүйекте орын алған. Дала өрті үш ауылдық округтің аумағын қамтыды. Өрттің жалпы аумағы 300 гектарды құрады.

Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің бөлімшелері, өртке қарсы ерікті құралымдар мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Жалпы күш-жігермен өрт 18 қыркүйекке қараған түні жойылды.

Көлбасы және Егіндібұлақ ауылдарының үш тұрғыны, басқа ауыл тұрғындары сияқты өртті сөндіруге шыққан. Желдің қатты екпіні салдарынан өрт олардың біріне - Самат Апашевқа тиеді. 1973 жылы туған ер адамның денесінің 90% күйік алған.

Ауылдастарын құтқаруға тырысқан Мереке Кенжебеков пен Жандос Аққалықовта күйік алады.

Зардап шеккендердің үшеуі де ауруханаға жеткізіледі. Кейін Самат Қапашев алған жарақаттарынан қайтыс болды. Мереке мен Жандос оңалту орталығында ем алуда.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 11 қазандағы бұйрығымен дала өртін сөндіру кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Самат Апашев қаза болғаннан кейін «Өртте көрсетілген қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.

Осы бұйрықпен Жандос Аққалықов - «Өртте көрсетілген қайсарлығы үшін»медалімен, Мереке Кенжебеков- «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» наградалық төс белгісі табысталды.

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов марқұмның анасына марапатты табыс етіп, өз елінің нағыз патриотын тәрбиелегені үшін алғысын білдірді.

 

                                                       Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі