Қарағандылық құтқарушылар қысқы кезеңге дайындалуда

Қарағандылық құтқарушылар қысқы кезеңге дайындалуда

21 қазанда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығымен және Қарағанды облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысымен қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындық және қауіпсіз мінез-құлық шаралары мәселелері бойынша брифинг өткізілді.
Құтқарушылар суыққа қалай дайындалып жатқаны туралы Қарағанды облысы ТЖД бастығы полковник Мұрат Қатпанов айтып берді. Өңір әкімінің өкіміне сәйкес өңірді қысқы кезеңге дайындау мақсатында азаматтық қорғаудың облыстық ішкі жүйесін ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап жоғары дайындық режиміне көшіру жоспарлануда. Аталған өкіммен қысқы кезеңде халықты қорғау жөніндегі барлық шаралар кешені көзделген іс-шаралар жоспары бекітілді.
Тәжірибеге сүйене отырып, облыс автожолының ұзындығы 705 км болатын 590 қар басатын учаскесі күшейтілген бақылауға алынады.
Департаментпен қысқы жағдайда жұмыс істеу үшін 92 бірлік жоғары өтімді және инженерлік техника дайындалды. Жол талғамайтын көліктер мен вахталық автомобильдер белсенді түрде іске қосылады.
Жыл сайынғы тәжірибені ескере отырып, бұл техника Теміртау, Осакаровка, Молодежный, Ақсу-Аюлы, Атасу бағыттары бойынша таралған.
Азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдары қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға әрекет етуге дайын.
Алайда, қайғылы жағдайға жол бермеу үшін азаматтардың қауіпсіздік шараларын сақтауы да маңызды. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өте мұқият және жауапты болуға шақырады.
Суық ауа райы басталысымен қозғалыс жолында азаматтармен болатын жазатайым оқиғалар жиілейді.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өте мұқият және жауапты болуға және қауіп-қатерге ұшырамауға шақырады. «Суық ауа райы басталған кезде азаматтармен жүріп-тұру жолында болатын жазатайым оқиғалар жиілеп кетеді. Ауа райы жағдайының нашарлауын болжау кезінде біз халыққа түрлі хабарлау тәсілдері арқылы дауылды ескертулерді жеткіземіз: SMS-тарату, теле-радиохабар, БАҚ, әлеуметтік желілер, "Дәрмен" мобильді қосымшасы.
Дауылды ескертулер жарияланған кезде алыс қашықтықтарға барудан бас тартуды ұсынамыз. Жүргізушілер жолдардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап отыруы керек. Автожолдардың жабылуы туралы ақпаратты біз барлық байланыс құралдары арқылы да жеткіземіз. Сондай - ақ, ауылдық жерлерде тұратын халыққа метеожағдайлар нашарлаған кезде алыс қашықтықтарға, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында жаяу жүруден бас тарту ұсынылады", - деп түсіндірді Мұрат Катпанов.
Сондай-ақ дауылды ауа райы кезінде ақаулы жүзу құралдарында және жеке құтқару құралдарынсыз суға шығуға тыйым салынады. Көп ұзамай тоғандар мұзбен жабылады. Қатпаған мұзға тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінген жағдайда шығуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Сондай-ақ мұзға көлікпен жабдықталмаған жерлерде шығуға тыйым салынады.
Ересектер балаларға мұқият назар аударуы керек. Оларға қысқы кезеңнің қауіптілігін түсіндіру. Жас балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Сонымен қатар, температура төмендеген кезде халық жылыту құралдары мен пешпен жылытуды белсенді пайдаланатынын ескере отырып, өрттің туындау қаупі артады. Жылыту маусымы басталғаннан бері, 1 қазаннан бастап облыста тұрғын үй секторында 36 өрт тіркелді. Өртте 3 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алды.
Өрттің алдын алу мақсатында ТЖ Департаменті ағымдағы жылы 233 мың адамды қамти отырып, 80 мыңнан астам тұрғын үй секторын аралап, халықпен 771 жиын өткізді, 246 мың үгіт-насихат материалдары әзірленді және таратылды.
Улы газбен улану салдарынан адамдардың қаза болуы мен жарақаттануына жол бермеу үшін үйлерін пешпен жылытатын әлеуметтік қауіп-қатер тобындағы адамдарға атаулы практикалық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде. 2018 жылдан бері облыста барлығы 2 972 датчик орнатылған. Бұл жұмыс Жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен жүргізілуде.
ТЖД тұрғындарды өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау туралы ескертеді:
- электр жүйесінің жарамдылығын қадағалау;
- электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде ұстау;
- бір желіге бірнеше электр аспаптарының қосылуына жол бермеу, бұл электр желісінің артық жүктелуіне әкеледі;
- қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарды пайдаланбауға ;
- тек жарамды пештерді пайдалану, түтіндіктерді күйеден уақтылы тазарту;
- пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеу;
-пешті қатты қыздырмаңыз;
- 2 қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі