Ер адамдар үшін - лайықты мамандықтардың бірі

Ер адамдар үшін - лайықты мамандықтардың бірі

Бүгінде құтқарушылар көптеген тапсырмаларды орындайды. Олар түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюмен айналысады, соның ішінде табиғи апаттар, жарылыстар, өрттер. Олар жоғалған адамдарды іздеуге қатысады, жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетеді және т.б.
Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел құтқару жасағының қызметкерлері өрт сөндірушілерден айырмашылығы погонмен жүрмейді, бірақ тапсырмалары кем емес. Олар өз өмірлеріне қауіп төндіре отыра, аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін күзетеді, адамдардың өмірін сақтап қалуға тырысады.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Сойко Руслан, құтқару қызметіне қалай келгенін айтып берді. Бұл салада ол 2000 жылдан бері жұмыс істейді. Нұрсұлтан қаласындағы Орталық өңірлік жедел-құтқару жасағынан бастаған. Қазіргі уақытта ол Қарағанды қаласының құтқару бөлімшесінде, бөлімше басшысы болып жұмыс істейді. Құтқару қызметін таңдағанына еш өкінбейтінін айтады. Адамның, жануардың, мейлі құстың болсын өмірінің құтқарылуы құрметке лайық. Ерлер үшін бұл лайықты мамандықтардың бірі деп санайды ол.
"Қызметімнің арқасында мен тәжірибе алмасу бойынша түрлі елдерде болдым, басқа елдердің құтқарушылары қалай жұмыс істейтінін көрдім. Кез-келген сапар, шетелге шығу, Қазақстан бойынша әр жолы жаңа нәрсе береді. Біздің мамандығымыз соншалықты ерекше және қызықты, сіз үнемі үйренесіз, тәжірибе жинайсыз немесе біреуді үйретесіз. Әрине, сіз мұның бәрін іс жүзінде көрсетесіз", - дейді Руслан Анатольевич
Руслан Анатольевичтің айтуынша, құтқарушы төтенше жағдайларды жоюға қатысуға, өзінің физикалық, арнайы, медициналық, психологиялық дайындығын жетілдіруге әрдайым дайын болуға міндетті.
Құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік атқарады. Олар есік жабылып, қамалып қалған жас балалар немесе дәрменсіз қарттарға көмекке келеді. Олар жол-көлік оқиғасы болған жерлерде автокөліктерге қысылған адамдарды автокөліктерді босату үшін келеді. Жоғалған адамдарды іздейді. Адамдар абайсызда құлап кеткен құдықтар мен шұңқырларға түседі. Сонымен қатар сүңгуірлік жұмыстарды жүргізеді.
«Мен кәсіби мансабында қанша адамды құтқарғанымды санамадым. Мен үшін зардап шеккендерге уақытында көмек көрсету және адамдарды қауіпті аймақтан мүмкіндігінше жедел шығару маңызды. Төтенше жағдайлар министрлігінде жұмыс істейтін адамдар қиыншылықта жүрген адамдарға көмектескісі келетіндіктен бұл мамандықты таңдайды », -Сойко Руслан Анатольевич.
Құтқарушылардың айрықша қасиеттері әрқашан дене дайындығының жоғары деңгейі, апаттық -құтқару құралымен жұмыс істеу дағдылары және психологиялық тұрақтылық болып саналады. Құтқарушының басты міндеті - ауыртпалығына қарамастан зардап шеккендердің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік, зардап шеккендерге жанашырлық таныту және сонымен бірге өз жұмысын орындау қабілеті.


Ақерке Аманғазықызы,
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі