Қарағандыда Құтқарушы күнінің 26 жылдығына арналған құтқару техникасының көрмесі өтті!

Қарағандыда Құтқарушы күнінің 26 жылдығына арналған құтқару техникасының көрмесі өтті!

Құтқарушы күнің тойлау шеңберінде Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағында қала тұрғындары мен қонақтары үшін авариялық-құтқару және арнайы техниканың көрмесі ұйымдастырылды, оның көмегімен құтқарушылар өз міндеттерін орындайды. Көрмеде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары Қызметінің, Жедел-құтқару жасағының арнайы техникалары, атап айтқанда:

- өрт автосаты (АЛ-32), стационарлық механикаландырылған жылжымалы және айналмалы сатысы бар автомобиль, өрт орнына жауынгерлік есеп пен өрт-техникалық қару-жарақты жеткізуге, арнайы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және өрт сөндіргіш заттарды биіктікке беруге арналған;

- автоцистерна (АЦ-5,0-10/100), өрт сорғымен, сұйық өрт сөндіргіш заттарды сақтауға арналған ыдыстармен, оларды беру құралдарымен жабдықталған. Шақыру орнына өрт сөндіру есебін, өрт-техникалық қару-жарақ пен жабдықты жеткізуге, оны сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бойынша іс-қимылдар жүргізуге арналады;

- авариялық-құтқару автомобилі (АСА) штаттан тыс және төтенше жағдайлар туындаған кезде ерекше жұмыстар жүргізуге арналған. Техниканың осы сыныбы құтқарушыларды қажетті жабдықтармен және құрал-саймандармен бірге төтенше жағдай туындаған жерге тасымалдауды жүзеге асыруға және аварияны жою мен жәбірленушілерді құтқару бойынша бірқатар жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді.

Техникалық байқаудан басқа, құтқарушылар өз шеберліктерін көрсетті. Құтқарушылар өрт сөндіру, арнайы киім кию және, сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті.

Барлық құтқару бөлімшелері үшін бірінші дайындық жұмыс пен өмір салтының басты құрамдас бөлігі болды және болып қала береді.

 

Қарағанды облысы ТЖД

ТЖЖБ аға инженері

азаматтық қорғау капитаны

Қ.Ж.Жылқайдарова