Қарағандылық екі жігіт ерлігі үшін марапатталды

Қарағандылық екі жігіт ерлігі үшін марапатталды

14 маусым күні Қарағанды облысының ТЖ департаментінде Қарағанды қаласындағы монша кешенінде баланы құтқарған екі жас жігітті марапаттау рәсімі өтті.
Өрттен құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Шерхан Төлеуханов пен Жантөлеу Егінбай «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ақылбек Ахметжанов батырларға марапаттарды табыстап, оларға батыл іс-әрекеттері үшін алғыс білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 29 мамырында Қарағанды қаласында «Кедр» монша кешенінде өрт шыққан болатын. Жалын қысқа мерзімде жақын орналасқан тұрғын үйлердің шаруашылық құрылыстарына және автомобильдерге тарады.
Өрт шыққан кезде ғимаратта болған Шерхан мен Жантөлеу астыңғы қабатта болған баланы тауып, оны дымқыл орамалмен жауып, өрт сөндірушілер келгенге дейін далаға шығарды.
Оқиға орнына жеткен ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері жанып жатқан ғимараттан тағы 5 адамды құтқарды.
Ағымдағы жылдың басынан Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері 1300-ден астам адамды құтқарды.
Қоғамдық орында өрт шыққан кездегі тәртіп ережелерін еске саламыз:
- өрт белгісі болған немесе оны анықтаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз;
- өрт сөндірушілер келгенге дейін өзіңізді және басқа адамдарды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысыңыз;
- қараңғыда және/немесе бөлме түтінге толса, қабырғалар мен тұтқаларды ұстап шығу есігіне жүріңіз. Ылғал орамал, жең немесе т.б. арқылы дем алыңыз;
- лифттіні пайдаланбаңыз. Өрт сөндіру кезінде электр қуаты өшіп, лифтілер тоқтатылады;
- кез-келген қоғамдық жерде өрт болған жағдайға эвакуация жоспары бар. Онда ықтимал эвакуацияның барлық бағыттары мен жолдары, баспалдақтардың, қосалқы шығу жолдарының және телефондардың орналасуы көрсетілген;
- дәліздерде және саты торларында жасыл түсті шырақтарға бағдарланыңыз-бұл эвакуациялау кезіндегі авариялық жарықтандыру шамдары;
- егер өз бетіңізбен шығуға мүмкіндік болмаса, балконға шығып немесе терезе алдында тұрып, сигнал беріңіз - шарфпен, киіммен, телефонды, шамды жағыңыз.
Мұның бәрі өрт сөндірушілерге сізді тауып, құтқаруға мүмкіндік береді!