Диспетчерлік қызметті ұйымдастыру

Диспетчерлік қызметті ұйымдастыру

Төтенше жағдайларға жауап беру бірінші кезекте хабарламаларды қабылдау және өңдеу сәтінен басталады. Шақыру орнына келген кезекші қарауылдардың табысты жұмысы ТЖ туралы хабарламаны сауатты және дұрыс өңдеуге, күштер мен құралдарды уақтылы жіберуге, сондай-ақ әртүрлі қызметтермен тиісті өзара іс-қимылға байланысты.
Кәсіби шеберлікті арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында 10 маусымда өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің диспетчерлік құрамымен "Диспетчерлік қызметті ұйымдастыру. Өрт және басқа да ТЖ туралы хабарламаларды қабылдау, жедел ақпарат беру» тақырыбында семинар-жиналыс өткізілді.
Кеңеске күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының диспетчерлік құрамы, Қарағанды қаласы бөлімшелерінің радиотелефонистері және өрт сөндіру бөлімшелерінің бастықтары қатысты. Облыс бөлімшелерінің қалған диспетчерлік құрамы осы кеңеске аудио-конференц байланыс режимінде қатысты.
Аталған кеңесте түрлі төтенше жағдайлар туралы хабарламаларды қабылдау және өңдеу тәртібі, жедел ақпарат беру, облыс бөлімшелерінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру мәселелері қаралды.