Жазғы кезеңдегі қауіпсіздік

Жазғы кезеңдегі қауіпсіздік

Қарағанды облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ақылбек Ахметжанов пен Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова жазғы кезеңдегі қауіпсіздік мәселелері бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз сөйледі.
А. Ахметжанов Қарағанды облысында суға шомылу маусымын қауіпсіз өткізу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар етті.
Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі барлық қажетті шаралар кешенін қамтитын іс-шаралар жоспарын бекітті. Өткен жылдардағыдай, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін халықпен үгіт-түсіндіру жұмыстары басталды. Демалушылармен әңгімелесулер, патрульдеу және су айдынында бірлескен рейдтер жүргізіледі.
2021 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін профилактикалық рейдтермен 11 мыңнан астам адам қамтылды.
Облыс әкімдігінің қаулысымен облыста 83 жаппай демалыс орны белгіленген.
Жабдықталмаған су айдындарында 174 тыйым салу белгілері орнатылған.
Балалар қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінеді, өйткені демалыс кезінде балалар негізінен ересектер тарапынан қараусыз қалып жатады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 5 жұмыспен қамту орталығынан 33 адам тартылды, олар ТЖД-да оқудан өтті және қоғамдық құтқарушы ретінде тартылды. Жұмыс әлі де жалғасуда және сәйкесінше шомылу маусымы кезінде қоғамдық құтқарушылардың саны артатын болады.
Осының арқасында алдын алу жұмыстарына еріктілер белсенді түрде тартылуда. ТЖ департаментімен 130 еріктілер оқытылды.
Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құтқару бөлімшелерінің күштері жоғары әзірлік режимінде болады.
Суда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Федоров, Самарқанд, Шерубай-Нұра, Кеңгір су қорғау жағалауларында, сондай-ақ Балқаш және Айнакөл көлдерінде орналасқан ТЖД 7 құтқару бөлімшелері дайындықта тұр.
Бөлімшелер қажетті автомобиль техникасымен және жүзу құралдарымен жабдықталған.
Жыл сайын су айдындарындағы оқиғаларға жүргізілетін талдау адам өлімінің негізгі себептері болып табылатын келесі жағдайларды көрсетеді:
- өз күштерін дұрыс бағаламау;
- балаларды су айдындарында қараусыз қалдыру;
- жүзу дағдылары жеткіліксіз және білмеу;
- балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау;
- мас күйінде шомылу.
Суға батқандардың басым көпшілігі шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде, жағажайларда, жасанды су қоймаларында орын алып жататынын атап өткен жөн.
Қазіргі таңда Қарағанды облысының аумағында суда адам өлімінің 2 жағдайы тіркелген, оның ішінде бір жасөспірім.
Спикер судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салды:
- арнайы белгіленген орындарда шомылу қажет;
- жүзу аймағын шектеуден асып жүзбеңіз;
- таныс емес жерде және мас күйінде шомылуға тыйым салынды;
- түнгі уақытта шомылуға тыйым салынады.
А. Ахметжанов белгіленген жерлерде шомылуға кеңес берді.