Қарағанды облысының су айдындарында профилактикалық рейдтер жүргізілуде

Қарағанды облысының су айдындарында профилактикалық рейдтер жүргізілуде

Ыстық күн басталысымен Қарағанды облысының тұрғындары су қоймаларына демалуға шығады. Облыстың барлық су айдындарында қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін күн сайын профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Жаз мезгілінде ең көп таралған құқық бұзушылықтар жабдықталмаған жерлерде шомылу, спирттік ішімдіктерді ішу, жеке құтқару құралдарынсыз жүзу құралдарында болу болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364-бабына сәйкес тыйым салынған орындарда шомылу, ортақ су пайдалану ережелерін бұзу ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша алкогольдік ішімдіктерді ішу 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану ережелерін бұзғаны үшін, сондай-ақ шағын көлемді кемеде жеке құтқару құралдарынсыз болу үшін ӘҚБтК-нің 582-бабына сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
ТЖД құтқару бөлімшелері жоғары дайындық жағдайына келтірілді. Бөлімшелер арнайы авариялық-құтқару техникасымен, жүзу құралдарымен, сүңгуір жабдықтарымен және құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Су айдынында демалу орындарында болғанда:
- жабдықталмаған жерлерде суға түсуге;
- мас күйінде және есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;
- қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;
- жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;
- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
- су айдындарын ластауға және қоқсытуға;
- жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;
- жалған дабыл беріп айғайлауға;
- техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;
- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге рұқсат етілмейді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі