9 сәуір сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

9 сәуір сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Қарағанды облысы аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты.
Нұра, Шерубай-Нұра, Кеңгір өзендерінің бассейндерінде ылғал қорының азаюы байқалады. Судың аз түсуіне байланысты Самарқанд су қоймасынан ағызу 5 текше м/с дейін төмендетілді.
Нұра ауданының Баршын ауылы маңындағы Жаман-Кон өзенінде және Кенжарық ауылы маңындағы Құланөтпес өзенінде мұзды жару жұмыстары жалғасуда.
Ал Нұра ауданының Нығман және жартылай Ақтүбек елді мекендері Кон өзенінің төгілу аймағында қалып отыр. Елді мекендерге қауіп төнір тұрған жоқ. Қорғаныс шаралары алдын-ала жүргізілген болатын.
Су тасқыны жағдайы облыстық су тасқынына қарсы жедел штабтың бақылауында.