Қарағанды облысы аумағында су тасқыны кезеңінің өтуі туралы ақпарат

Қарағанды облысы аумағында су тасқыны кезеңінің өтуі туралы ақпарат

8 сәуірде Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов пен Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары Сапар Сатаев Бұқар Жырау ауданының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне әуеден бақылау жүргізді.
Ұшу барысында «Миньковская», «Байқадам», «Көкпекті», «Баймырза» бөгеттеріне және Шоқай, Саран, Чкалов су қоймаларына тексеру жүргізілді. Сонымен қатар Нұра, Шоқай, Ошағанды, Соқыр, Баймырза, Солонка өзендері арналарының жағдайы зерттелді.
Көптеген су объектілерінде мұздың жартылай қатуы, кей жерлерде мұз жүруі байқалады.
Космомониторинг деректері бойынша Қарағанды облысы аумағының 30%-ы қармен жабылған.
Ірі су қоймаларынан судың ағызылуы жалғасуда: Самарқанд су қоймасына секундына 55 куб.м судың түсуі кезінде секундына 20 куб.м/с көлемінде су ағызылады, Ынтымақ су қоймасына секундына 74 куб. м/с су түсуі кезінде ағызу секундына 8 куб. м/сек құрайды, Шерубай-Нұра су қоймасынан ағызулар жүргізілмейді, ағыны 7 куб. м/с құрайды.
Барлық су қоймаларында қажетті бос көлемдер бар.
9 сәуір күні таңертең Нұра ауданында Көн және Жаманкөн өзендерінің арналары бойынша қар суының қарқынды еруінен Көн және Нұра өзендерінің жайылмаларында, теңіз көліне кіре берісте орналасқан Нығман елді мекенінің жыл сайынғы кесілуі пайда болды. Ақмола облысы Қорғалжын ауылынан көлік қатынасы бар.
Сондай-ақ, су ағыны салдарынан Ақтүбек және Құланөтпес елді мекендерінің арасындағы көлік қатынасы үзілді.
Аталған су ағу жағдайлары жыл сайынғы сипатқа ие. Елді мекендерді су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Ауылдарда азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткілікті.
Су тасқыны жағдайы облыстық су тасқынына қарсы жедел штабтың бақылауында.