Қарағанды облысындағы ағымдағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Қарағанды облысындағы ағымдағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Өткен тәулікте, 7 сәуірде Қарағанды облысының аумағында қардың қарқынды еруі салдарынан үш автожол учаскесінде су ағу орын алды: Осакаров ауданында Молодежный кентінен 7 км жерде, «Қызылорда – Павлодар» республикалық автожолының 1058 км шақырымында, «Осакаровка-Молодежный» облыстық маңызы бар автожолының 8 км шақырымында, Нұра ауданында, «Нұрсұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» республикалық маңызы бар автожолының 148-149 шақырымында.
Су ағу құбылысы қысқа мерзімді болды.
Су басқан жерлерде ескерту белгілері орнатылып, ТЖД бөлімшелерінің, жол қызметтерінің және жергілікті полиция қызметінің кезекшілігі ұйымдастырылды.
Аталған учаскелерде автокөлік қозғалысы тоқтатылған жоқ.
Жол төсемесі арқылы өткен су ағыны тоқтатылды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Автожолдарда орнатылған су өткізу құбырлары тасқын сулардың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуде.
Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде Қарағанды облысының аумағында 2020 жыл ішінде су тасқыны құбылыстарына неғұрлым бейім автожолдардың 74 учаскесінде су өткізу қабілетін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап мұз кептелісінің алдын алу және тасқын суларды апатсыз өткізуді ұйымдастыру мақсатында Осакаров ауданындағы Сабырқожа өзендерінде, Абай ауданындағы Нұра өзенінде және Қарқаралы ауданындағы Қарасор көлінде жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ Ақтоғай ауданындағы Ақтас өзенінде және Бұқар Жырау ауданындағы Нұра өзенінде мұзды бұрғылау және кесу жұмыстары жүргізілді.
Облыстағы су тасқыны жағдайы тұрақты және облыстық су тасқынына қарсы жедел штабтың бақылауында.