Қарағанды облысының өзендерінде мұзды ұсақтау жалғасуда

Қарағанды облысының өзендерінде мұзды ұсақтау жалғасуда

Су тасқынына қарсы алдын алу іс-шаралары аясында Қарағанды облысының өзендерінде мұзды жару жұмыстары жалғасуда. Іс-шаралар көктемгі сең жүру кезеңінде кептеліс құбылыстарының алдын алу және тасқын сулардың апатсыз өтуін ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі.
6 сәуірде жарылыс жұмыстары Абай ауданының Самар ауылдық округіндегі Нұра өзенінде жүргізілді. Мұзды ұсақтау жалпы ауданы 500 шаршы метрді құрады.
Бүгін Қарқаралы ауданындағы Қарасор көлінде жарылыс жұмыстары жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Ақтоғай ауданындағы Ақтас өзенінде және Бұқар Жырау ауданындағы Нұра өзенінде мұзды бұрғылау және кесу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта облыс бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты және бақылауда.
20 наурыздан бастап облыстық су тасқынына қарсы жедел штаб құрылды.
ТЖ департаменті ескертеді! Көктемгі кезеңде су айдындарындағы мұз ери бастайды және жұқа болады.
Азаматтарға мұзға шығуды шектеп, мұздағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береміз.
Сең жүру кезеңінде тыйым салынады:
- өзен арқылы жүруге;
- мұзды жағадан шығарыңыз;
- мұз үстінде жүруне және оларға мінуге.
Автокөлікпен мұзға шықпаңыз.
Көктемгі су тасқыны мен сең жүру кезінде абай болыңыз.
Өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз!

Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі