Қарағанды облысының ТЖД бастығы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы ақапаратпен бөлісті

Қарағанды облысының ТЖД бастығы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы ақапаратпен бөлісті

Қарағанды облысының ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов «Су тасқыны кезеңіне дайындық туралы» тақырыбында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз сөйледі.
ТЖД бастығы Қарағанды облысындағы су тасқыны кезеңінің апатсыз өтуіне дайындық шеңберінде жүргізілген іс-шаралар туралы айтып берді.
Облыс аумағында көп жылдық бақылаулар негізінде су басуы және су тасқыны болуы мүмкін аймақта орналасқан 174 елді мекен анықталып, ерекше бақылауға алынды.
Облыстық ТЖ департаментінің мобильді топтарымен елді мекендерді аралау басталды, оның барысында күштер мен құралдардың әзірлігіне, құлақтандыру жүйелерінің жай-күйі және басқа да дайындық іс-шаралардың орындалуы тексерілуде.
Облыстың барлық өңірлерінде қар шығару бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Барлығы 839 мың куб метрден астам қар шығарылды.
Ірі су қоймаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан санитарлық ағызу жұмыстары басталды. Бүгінгі күні ағызылатын су көлемі тиісінше секундына 2 және 8 куб метрді құрайды.
«Қазгидромет» РМК филиалымен бірлесіп көктемгі су тасқынының, қардағы су қорының қалыптасуына және Нұра, Шерубай-Нұра, Соқыр, Жаман-Қон, Үлкен-Құндызды, Тоқырау, Талды, Сарысу, Жаман-Сарысу өзендерінің бассейндеріндегі су деңгейіне мониторинг жүргізілуде.
Қазгидрометтің деректері бойынша бүгінгі таңда қардағы судың қоры Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің бассейндерінде нормадан 22-29% - ға жоғары, Сарысу өзенінің бассейнінде норма шегінде, ал Тоқырауын және Қара Кеңгір өзендерінің бассейндерінде нормадан 35-38%-ға төмен. Бірақ өзен бассейндеріндегі топырақтың қату тереңдігінің орташа мәні 102 см-ден асып отыр, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 24 см артық.
Қазіргі уақытта өзендер қысқы режимде тұр.
Облыс аумағында су тасқыны кезеңіне дайындық «2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Республикалық жол картасына және облыстық инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес жүргізілді.
Өткен жылы Қарағанды облысының 33 елді мекені аумағында - Жаңаарқа, Абай, Осакаров, Шет, Қарқаралы, Ұлытау аудандарының, Қарағанды және Теміртау қалаларында:
- 22 км-ден астам қорғау бөгеттері мен дуалдары салынды және нығайтылды,
- өзен арналарының су тасқыны қаупі бар учаскелерін 12 км қорғау жұмыстары жүргізілді,
- 65,5 км дренаж және су өткізу құбырлары тазартылды,
- жолдардың 74 учаскесінде су өткізу қабілеті жоғарылатылды.
Жалпы 2015 жылдан бастап 174 елді мекен аймағында:
- 220 км қорғаныс бөгеттері мен біліктері салынды және нығайтылды,
- 76 км өзен арналарында қорғау жұмыстары жүргізілді.
Су басуы мүмкін аудандардан халықты эвакуациялау үшін 253 пункт дайындалды.
Халық үшін ТЖ қаупі болған және туындаған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша арнайы ұсынымдар әзірленді.
Су тасқыны қаупі бар аймақтарда хабарлау жүйесі тұрақты дайындықта.
Ағымдағы жағдайды бағалау мақсатында су тасқыны қаупі бар учаскелеріне әуеден тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта белсенді еру процестері жоқ, өзен арналарында мұздың тұрақты қатуы байқалады.
Жалпы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде және тұрақты бақылауда.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі