Қарағанды облысының автожолдарында бір тәулік ішінде 79 адам құтқарылды

Қарағанды облысының автожолдарында бір тәулік ішінде 79 адам құтқарылды

Кеше, 25 ақпанда аймақта дауылды ескерту жарияланған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық автожолдарда көлік қозғалысы шектелді. ТЖ департаментінің, 52859 әскери бөлімінің, Апаттар медицинасы орталығының бөлімшелері жолдарда 79 адамды, оның ішінде 7 баланы құтқарды.
Құтқару жұмыстарының бірі Теміртау қаласында «Алматы-Екатеринбург» автожолында жүргізілді. 52859 әскери бөлімінің күшімен қар құрсауында қалған автокөліктерден 17 адам құтқарылды. Адамдар Теміртау қаласына және Қарағанды қалаларына жеткізілді.
Теміртау қаласында «Алматы-Екатеринбург» автожолы учаскесінің 1060 шақырымында ТЖД күшімен техникалық ақауы бар автокөліктен ер адам құтқарылып, Теміртау қаласына жеткізілді.
Тағы бір құтқару жұмысы Шет ауданында жүргізілді. Қызылқой ауылы ауданындағы «Алматы-Екатеринбург» автожолында қар құрсауында тоқтап қалған жедел медициналық жәрдем автомобилі мен жеңіл автокөліктен 9 адам құтқарылды. Қарағанды облысының ТЖД және Апаттар медицинасы орталығының күшімен құтқарылғандар, оның ішінде екі науқас: инфаркті бар ер адам және босануға дайындалып жүрген жүкті әйел Қарағанды қаласына жол талғамайтын көлікпен жеткізілді.
Теміртау қаласында құтқарушылар техникалық ақауы бар жеңіл авткөлікте қалған 2 адамды Теміртау қаласына жеткізді.
Сонымен қатар, Бұхар Жырау ауданында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының 52 шақырымында, Ботақара кентінен 5 шақырым жерде ТЖД күшімен қар құрсауында қалған автокөліктерден 37 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Құтқарылғандар Қарағанды қаласына жеткізілді.
Осакаров ауданында, «Қызылорда-Павлодар» а/ж 1124 км, Молодежный кентінен 55 км жерде техникалық ақауы бар жүк автокөлігінен 4 адам құтқарылды, олар Молодежный кентіне жеткізілді.
Бұқар Жырау ауданының Тоғызқұдық ауылынан 9 шақырым және Доскей ауылынан 10 шақырым жерде ТЖД күшімен 9 адам құтқарылды. Олардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Қарағанды облысы ТЖ департаменті облыс аумағында дауылды ескерту әрекет ететіндігін еске салады!
Қарағанды облысының ТЖ департаменті ауа райының нашарлауы кезінде алыс қашықтықтарға шығуды уақытша шектеу, сапарлар алдында автомобильдің техникалық жарамдылығын тексеру, метеожағдайлар мен дауылды ескертулер туралы ақпаратты қадағалау қажеттігі туралы ескертеді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі