Халықтың әлеуметтік осал топтары арасында өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Халықтың әлеуметтік осал топтары арасында өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Халықтың әлеуметтік осал топтарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың мұқтаж санаттарына көмек көрсету мәселелерін шешуге, жүйелі тәсілді әзірлеу мақсатында 2021 жылдың 23 ақпанында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Н.С.Бекбосыновтың төрағалығымен Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, үкіметтік емес ұйымдармен: Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы ҚБ ҚОФ, "WomenNetworkingTemirtau" ҚБ, "Жас Орда" жастар қауымдастығы волонтерлік штабының өкілдерімен жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында облыстың әлеуметтік осал топтарының үйлерін, оның ішінде мемлекеттік және әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өрт қауіпсіз жағдайға келтіру бойынша проблемалық мәселелер талқыланды. Осы бағытта ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы шешім қабылданды.
Кеңес соңында қатысушыларға Дүние жүзілік Азаматтық қорғаныс күнін өткізу туралы ақпарат жеткізілді және көрме экспонаттары көрсетілді.

ТЖД МӨББ бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигі
Ерёменко Н.Н.